Бұл туралы inbusiness.kz Беларусь Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
"Кәсіпорындағы ТЖ туралы ақпарат құтқарушыларға бүгін сағат 3.32-де келіп түсті. 101 желісі бойынша құрамында сутегі бар газ бен дизель фракциясының ауаға таралып, кейін гидрокрекинга ауыр мұнай қалдықтарын аралас орнату 200-секциясында өртене бастағаны хабарланды", — делінген хабарламада.
Ведомствода қондырғы пайдалануға берілмегенін, іске қосу-жөндеу жұмыстары сатысында тұрғанын нақтылады.
"ТЖМ қызметкерлері технологиялық құрылымдарды салқындату мен қорғау жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың айтуынша, кәсіпорынның технологиялық процесі бұзылмаған. Өрттің себебі мен келтірілген залал анықталуда", - деп атап өтті ТЖМ.