Беларусьтен халықаралық іздеудегі адам экстрадицияланды

1017

Қазіргі уақытта В. Тургунов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Беларусьтен халықаралық іздеудегі адам экстрадицияланды

Ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған елдің азаматы Беларуссиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

"Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполының қызметкерлері Белорусьтен Владимир Тургуновты экстрадициялады. Ол қару қолдану арқылы қарақшылық шабуылды, адам ұрлауды және 100 млн теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастыруға қатысты деген күдік бар".

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу