Беларусьтік "БТА банкі" ЖАҚ-ның директорлар кеңесі Әлімжан Есетовті басқарма төрағасы болып тағайындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің беларусьтік "еншілесінің" сайты мәлім етті, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".
Аталмыш шешім ағымдағы жылдың 30 қарашасында қабылданды.
Әлімжан Есетов 2016 жылғы ақпаннан бері "БТА банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі міндетін атқарып келді. Ол осы жылдың мамырында басқарма төрағасының бірінші орынбасары, банк басқармасы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу