Беларусьтің Жоғарғы Соты Қырғызстанға Бакиевті беруден бас тартты

594

Қырғызстанның Бас прокуратурасы Бакиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны елге қайтару туралы төрт сауал жолдаған.

Беларусьтің Жоғарғы Соты Қырғызстанға Бакиевті беруден бас тартты

Беларусьтің Жоғарғы Соты Қырғызстанға бұрынғы президент Құрманбек Бакиевті беруден бас тартты. Сот саясаткерге тағылған айыптар "саяси себептер бойынша қудалаумен" байланысты деген шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау органының хабарлауынша, бұрынғы президентке қатысты 2016 жылғы 29 шілдедегі сот шешімімен 2010 жылы 7 сәуірде болған оқиғалар мен қылмыстың басқа да эпизодтары бойынша 30 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасының айтуынша, Беларусьтің Бас прокуратурасына Бішкек гарнизонының әскери соты мен әскери соттың қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 23 мамырдағы үкімдерін мойындау және орындау туралы өтініш жіберді. Бас прокуратура Бакиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны елге қайтару туралы төрт сауал жолдаған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу