Белгіленбеген жерге қоқыс тастаған атыраулық 45 мың айыппұл төледі

1424

Белгіленбеген жерге қоқыс тастаған атыраулық 45 мың айыппұл төледі

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы №19 үйдің маңында орналасқан қоқыс жәшігіне "ГАЗель" автокөлігімен тоқтаған жүргізуші белгіленбеген жерге тұрмыстық қатты қалдықтарын тастаған. Оны байқап қалған қала тұрғындарының бірі, құқық бұзушыны бейне жазбаға түсіріп алып, WhatsApp арқылы қауырт желі тобына жолдады, деп жазады atpress.kz.

Оқиға 22 ақпан күні 15:30 шамасында болған. Куәгердің бейне таспа көмегімен жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау тобы іздестіру шараларын жүргізіп, автокөлік жүргізушісін қолға түсірді. 

Атырау қалалық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы А.Даукебаевтың хабарлағанындай, құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толытырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45380 теңге) айыппұл салынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу