Белгілі ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

1522

Ақынның "Кездесу", "Жанымның жапырағы","Ай нұры алақанымда" жыр жинақтары көпшілікке таныс.

Белгілі ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

"Ақиқат" журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Алаш" Халықаралық сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Аманхан Әлімұлы қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген. "Кездесу" (1983), "Жанымның жапырағы" (1989), "Ай нұры алақанымда" (1996) жыр жинақтарының авторы. 2019 жылы Арыс қаласының "Құрметті азаматы" атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу