Журналист желідегі парақшасында әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның дүнеиеден өткенін, ертең жаназасы оқылатынын хабарлаған.
"Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз... Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды. Жаназасы 6-қазан күні сағат 12-де Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өзі туып-өскен қарашаңырақта өтеді", – деп жазды журналист парақшасында.