Орталық Каспий теңізінің шығыс жағалауында порт қызметін атқарған болуы мүмкін деген болжам айтылады. Бұл қаланың өмір сүру кезеңі біздің дәуірдің VI ғасырына сәйкес келеді-міс. Археолог алға тартқан жәдігерлер Үндістаннан әкелінген бағалы анар тастарының Қарақабақта өңделгенін, янтарь тасының Қара теңіз, Балтық жағалауы елдерінен тасымалданғанының дәлелі. "Ұлы шөлдің қазыналары" деп атаған бейнежазбасында археолог тың деректерді келтірген.
"Екі мың жыл бұрын Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Маңғыстау аумағы арқылы өткенін нақты материалдық дәлелмен келтіріп отырмыз. Бұл зерттеу тарихында алғаш рет ашылған жаңалық. Жеке өзім мұндай сенсациялық жаңалықтың көшпелі әрі шеткері аймақта болатынын білгенім жоқ", – деді Андрей Астафьев.
Маңғыстау – байлық қоры тұнған түбек. Өлке тыңғылықты ғылыми зерттеулерді қажет етеді.
Тасым Жаңай