Қызылордада белгілі блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Әлеуметтік желіде белгілі блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тарады. Ол жергілікті құрылыс компаниясының бірінің басшысынан ақша бопсалаған.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу