Белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды

1216

Әбдіғаппар Шәкірұлы қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында еңбек етті.

Белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды

Белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов елуді еңсерген шағында дүние салды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Әбдіғаппар Сманов 1970 жылдың ақпанында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 1990-1994 жылдары Бекабад қаласындағы "Мағрифат" медресесінде (Өзбекстан) діни білім алып, "Таяқты ишан" мешітінде бас имам және осы мешіт жанындағы медреседе ұстаздық қызмет жасады.

2010-2016 жылдары Сарыағаш медресе-колледжі директорының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Сарыағаш медресе-колледжінің директоры қызметін атқарған.

"Әбдіғаппар Шәкірұлы қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды. ҚМДБ-ның республикалық ақпараттық насихат тобы құрамында еліміздің бірқатар аймағында болып, жұртшылықпен жүздесіп, асыл дініміздің насихатшысына айналды. Алланың рақымы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты болғай!",– деп, ҚМДБ ұжымы марқұмның туған-тусықандарына көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу