Белгілі эко-белсенді Грета Тунберг сотқа тартылды

1420

Ол полицияға бағынудан бас тартқан.

Белгілі эко-белсенді Грета Тунберг сотқа тартылды Фото: reuters

Климат мәселелерін көтеріп жүрген щвед белсендісі Грета Тунберг осы дүйсенбіде сотқа тартылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz France-Presse (AFP) газетіне сілтеме жасап. 

Айыптау қорытындысына сәйкес, 20 жастағы Тунберг өткен айда Мальмё қаласындағы "көлік қозғалысына тосқауыл болған митиңгіге" қатысып, "полицияның оқиға орнынан кету туралы бұйрығына бағынудан бас тартты".

Ол алты айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, бірақ прокурор Шарлотта Оттосен AFP-ге мұндай айыптаулар әдетте айыппұлмен шешілетінін хабарлады.

Tatilbaka framtiden  ("болашақты қайтарыңыз") қозғалысының экологиялық белсенділер тобы ұйымдастырған митинг қазба отындарын пайдалануға наразылық білдіру үшін швед Мальме теңіз айлағына кіруге және шығуға тосқауыл қоюға тырысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу