"Белгілі экологтың қызы": Алматыда шатырдан құлаған 7-сынып оқушылары туралы тың дерек шықты

1703

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. 

"Белгілі экологтың қызы": Алматыда шатырдан құлаған 7-сынып оқушылары туралы тың дерек шықты Фото: inbusiness.kz

Алматыда 7-сынып оқитын екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап көз жұмды. Ақпараттарға сүйенсек, қыздар дене шынықтыру сабағынан сұранып кетіп, мектеп күзетшісіне дүкенге баратындарын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қайғылы оқиға таңғы сағат 10:00 шамасында Алмалы ауданында болды.

Мәліметтерге сенсек, қайғылы оқиға қаланың Алмалы ауданындағы Жамбыл көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған.

Мұның бәрі оқу-тәрбие процесінде болды. Білім ошағының басшылығы түсініктеме беруден бас тартты. Мектеп оқушыларының ата-аналары бүгін осы оқиғаға байланысты балалардың барлығын үйіне қайтарып жібергенін хабарлады.

"Қыздар таңертең сабақтан сұранып кеткен. Олар №25 гимназияда 7-сынып оқитын. Екі қыз да біздің тұрғын үйде тұрмайды. Алайда, біздің үйдегі шатырға шығу оңай болатын. Үйіміз "Железнодорожник" КМК-ға қарайды, оны Жанар Жанұзақова басқарады", – деді тоғызыншы қабат тұрғыны.

Тұрғындардың сөзінше, шатырға шығатын есік үнемі ашық жатады. Тіпті олар бірнеше мәрте коммуналдық қызмет басшылығына шатырды жауып тастау керек екенін айтқан. Бірақ басшы әйел мүлдем құлыптамаған. 

"Құлыпты өзіміз бірнеше рет орнаттық. Бірақ жұмысшылар шатырға шығу керек болғанда оны алып тастайды. Айтпақшы, осы оқиғадан кейін бірден әкімдік қаладағы барлық "КСК" мен "ОСИ"-ге шатырға шығатын барлық кіреберісті құлыппен және шынжырмен жабу керек екені туралы хабарлама жіберді", – деді тұрғын берген мәлімдемесінде.

Үй тұрғындарының айтуынша, сот-медициналық сарапшылар шатырды тексеріп, одан пышақтар мен таблеткалар тапқан. Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. "Әлеуметтік желілерде бүгінде Алматыда бір уақытта бірнеше бала өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Бұрын хабарланғандай, екі қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, мегаполисте осындай бір ғана оқиға болған. Өткен аптада 13 жасар қыз терезеден құлап кеткен.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, қаза тапқан қыздардың бірі белгілі эколог Евгений Мұхамеджановтың қызы.

"Сүйікті қызымыз, кішкентай періштеміз қайтыс болды. Мен сенбеймін, бұлай болуы мүмкін емес", – деп жазды оның жұбайы Балхия Мұхамеджанова Facebook парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз белгісіз жағдайда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап қаза тапқан болатын. Жергілікті тұрғындардың дерегінше оқиға Жамбыл көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған. Қыздар тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлаған. Полиция болған оқиғаны растады. Қалған жағдайлар әлі нақтыланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу