Белгілі ғалым Жайлаубай Қыдырбаев өмірден озды

274

Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтынан мәлім етті.

Белгілі ғалым Жайлаубай Қыдырбаев өмірден озды Фото: Ғылыми-зерттеу институты

Белгілі ғалым, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты "Індеттік аурулардың профилактикасы" зертханасының профессоры Жайлаубай Қыдырбаев өмірден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы 27 сәуірде, 77-ге қараған шағында елдегі вирусология, эпизоотология, патологиялық анатомия салаларына және вакцина препараттарын өндіруді ұйымдастыруға, үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпті вирустық ауруларына қарсы күреске зор үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлы қайтыс болды. 

"Институт ұжымы "Індеттік аурулардың профилактикасы" зертханасының профессоры Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлының қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген қаралы хабар мәтінінде.

Өмірін ғылым мен ұстаздыққа арнаған Ж.Қыдырбаев 1996 жылдан бастап биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген. Оның ішінде 15 жылдан астам уақыт бойы Індеттік аурулардың алдын алу зертханасын басқарды.

200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 36-сы жоғары рейтингті халықаралық журналдарда жарияланған. Оның есімі ғылыми ортаға 37 өнертабыстың және 24 нормативтік вакцина құжаттарының теңқұқықты авторы ретінде белгілі.

Ғалым үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпті вирустық ауруларына қарсы вакциналарды, оның ішінде А/H5N1 Kazfluvac және А/Н1N1 Refluvac пандемиялық тұмауына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына арналған Kazfluvir маусымдық тұмауына қарсы вакциналарды дайындау технологияларын әзірлеуге арналған нысаналы республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалардың бірқатар жобасына жетекшілік етті. Аталған вакциналар Қазақстан, Ресей ғылыми орталықтарында клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан сәтті өтіп, ҚР ДСМ-де тіркеуге алынды.

Кейінгі жылдары ірі қара, ұсақ мал және адам бруцеллезіне қарсы векторлық вакциналарды әзірлеуге айтарлықтай үлес қосты.

Жайлаубай Қыдырбайұлы 2019 жылы "Құрмет" орденімен, ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, "Еңбек ардагері" медалімен (2016) марапатталған, "Ғылым көшбасшысы" тәуелсіз сыйлығының лауреаты (Thomson Reuters).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу