Белгілі кәсіпкер Василий Розинов алаяқтығы үшін сотталды

952

Сотталушыға қатысты пробациялық бақылау орнатылды. Оған елден шығуға, көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды.  

Белгілі кәсіпкер Василий Розинов алаяқтығы үшін сотталды

Белгілі кәсіпкер Василий Розинов сотталды, деп хабарлайды Atameken Business.

"Иволга Холдинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестікінің бұрынғы басшысы өзінің қызметтік жағдайын, кәсіпкерлік беделін пайдаланып, қаржы институттарының сеніміне қиянат жасай отырып, өз мүдделерін көздейтін қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған болатын. Дәлірек айтсақ, ол басқарған компания астық саласын дамытуға 2011 жылы Еуразиялық даму банкінен алғашында 50 млн доллар көлемінде несие алған.

2013 жылы ол 80 млн долларға дейін ұлғайтылған.

Содан бері холдинг банкке 30 млн доллар қайтарған. Кәсіпкер соңғы рет төлемді 2014 жылы жүргізіпті. Өтелмеген қарыздың көлемі 52 млн доллар, бірақ ол толық көлемде қайтарылғанын бизнесмен соңғы сөзінде айтқан. Дейтұрғанмен, Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен Василий Розинов кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу