Белгілі кәсіпкер және спорт функционері Игорь Мажинов қайтыс болды

1792

52 жасында танымал кәсіпкер, "Қайрат" АФК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов өмірден озды.  

Белгілі кәсіпкер және спорт функционері Игорь Мажинов қайтыс болды Фото: Time.kz

Футбол клубының мәліметінше, Игорь Мажинов 52 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда жүрегіне ота жасау кезінде қайтыс болды.

Игорь Мажинов 1972 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясында кандидаттық диссертация қорғады (Мәскеу қ.).

"Vertex" ААҚ, "Альянс Банк" АҚ, "Достық қонақ үйі" АҚ, "ХОЗУ корпорациясы" ЖШС басшылық қызметтерді атқарған. "Bank RBK" АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Ол сонымен қатар "Мегаспорт" футбол клубын ("Астана" ФК) ұйымдастырушылардың бірі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу