Белгілі ақын, сазгер, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаралы хабарды танымал блогер Лаура Сейітбек хабарлады.
"Әпке, Алла аңқылдаған ақ жүрегіңізді рақымына алсын", – деп жазды желі жұлдызы.
Ақын бір жыл бұрын денсаулығы сыр бергені туралы айтқан еді. Оған күрделі операция жасалған.
"Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды. Төрт күн өту керек. "Сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады" деген дәрігердің сөзін естіген достар барлығына дайын тұрған ғой", – деп жазған еді ақын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу