Белгілі театртанушы Гүлжихан Жаныспаева дүниеден өтті

86

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті. 

Белгілі театртанушы Гүлжихан Жаныспаева дүниеден өтті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі театртанушы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тұңғыш ректоры Гүлжихан Жаныспаева дүниеден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Гүлжихан Әбуқызы ғибратты ғұмырын өнерге арнап, отандық театр өнерінің дамуына, саланың бірнеше буын майталмандарын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты.

Еңбек жолын 1955 жылы Мәдениет министрлігінде театр инспекторы қызметінен бастап, кейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының, Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының, бүгінгі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тұңғыш ректоры қызметтерін абыроймен атқарды. Қоғамдық өмірге де белсене араласып, бірнеше мәрте қалалық және аудандық кеңестердің депутаты болып сайланды.

Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Гүлжихан Әбуқызының жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыр жолы халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болғай", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу