Белгілі тележурналист, академик Ермек Алданов өмірден өтті

960

Қазақ журналистикасы қара жамылды. 

Белгілі тележурналист, академик Ермек Алданов өмірден өтті

Белгілі қоғам қайраткері, партия ардагері, тележурналист, Қазақстан журналистикасы Академиясының академигі, тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық "Культура" Қорының кеңесшісі, бiрнеше кiтаптың авторы Ермек Алданұлы Алданов дүниеден озды.

Алданов Ермек - тележурналист, политолог, қоғам кайраткері. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Абай ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді (1971), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1988). Еңбек жолын 1963 жылы кеншарда слесарь болудан бастап, облысы "Возрожденная степь" газетінде корректор болып істеді.

Университетті бітіргеннен кейін Қазақ КСР Мемлекеттік  телерадио комитетінің Жастар хабарлары жөніндегі бас редакциясында редактор (1971-74), "Спутник" БММТ нұсқаушы, төрағаның орынбасары, Қазақстан ЛKCM ОК-нің насихат және мәдени көпшілік жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары, бастығы (1974-79), Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, идеология бөлімінің нұсқаушысы (1979-1989), Шымкент облысы партия комитетінің хатшысы (1989-91), КСРО-дағы Қазақ КСР-інің өкілетті өкілдігінің кеңесшісі, РФ-дағы ҚР-ның Өкілетті өкілдігі (1991-1993), РФ-дағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі (1993-2002) болған.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

Қайғыға ортақтаса отырып, туған-туысқандарына көңіл айтамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу