Белгілі тұлға Кенжеболат Жолдыбай өмірден озды

1437

Бүгін саясаттанушы, публицист Кенжеболат Жолдыбай өмірден озғаны туралы суық хабар тарады. 

Белгілі тұлға Кенжеболат Жолдыбай өмірден озды

Әлеуметтік желі арқылы қаралы хабарды жеткізген Қазақстан мұсылмандары діни басқарасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы: "Кенжеболат Жолдыбай ағамның да дәм-тұзы таусылыпты. Мұндайда не жазарыңды білмейсің... Кенже-аға, бақұл болыңыз. Осы өмірде жасаған ізгі істеріңіз өзіңізге серік болғай. Ол Діни басқарманың игі бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп, жанашыр болып жүруші еді. Алла алдыңнан жарылқасын, Жақсы аға. Мен Сізді жақсы көруші ем... Енді рухыңызға Құран бағыштап, дұға жасаудан басқа амалым жоқ...", – деп жазды.

Кенжеболат Жолдыбай 1951 жылғы 18 желтоқсанда Қарағанды облысының Жезді кентінде дүниеге келген.

Жезқазған облыстық партия комитетінде экономикалық білім беру жөніндегі кеңесші, лектор, саяси ұйымдастырушы, қоғамдық пікірді зерттеуші тәрізді жұмыстармен, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары ретінде идеология және әлеуметтік мәселелермен айналысты.

Алғашқыда Жезқазған облыстық "Білім" қоғамы, кейіннен 1993 жылдан Жезқазған облысы жабылған мамыр айының 1997 жылына дейін Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Жезқазған облыстық ұйымы төрағаларының орынбасары болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ басқармасы бастығы, "Казахстанская правда" республикалық газеті бас редакторының орынбасары, "Заң" АҚ" Астана қаласындағы өкілдігінің жетекшісі, "Қазақстан" РТРК" акционерлік қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, "ҚазАқпарат" ұлттық компаниясы" АҚ вице-президенті, "Sunna.kz" ақпараттық агенттігінің бас директоры, "Еуразия + ОРТ" ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Республикалық "Бас редакторлар клубы" қоғамдық бірлестіктің президенті ретінде Кенжеболат Жолдыбай Қазақстан тарихындағы алғашқы "Қазақстан Республикасы журналисінің этика кодексінің" қабылдануына өзінің қомақты үлесін қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу