"Қызыңды 7 жыл ойыншық етсе көрер едім": Белгілі журналист Жанқош Тұрардың әйелін сынады

4490

Сондай-ақ танымал адамдардың өміріне қызықпауға үндеді.  

"Қызыңды 7 жыл ойыншық етсе көрер едім": Белгілі журналист Жанқош Тұрардың әйелін сынады Фото: коллаж inbusiness.kz

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровтың әйеліне шүйлікті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол жәбірленуші қызға мысқылдап отырған блогер келіншекті сынға алды. Сондай-ақ танымал адамдардың өміріне қызықпауға үндеді. 

“Қыздар, мен инстаға келгелі мың-миллион рет жаздым: Елдің алдында жүргендердің бақытты өмірін көрсеңіз, қызықпаңыз. Ол суреттің артында талай мұң жатыр деп. Әлгі боксшының әйелінде де намыс жоқ екен. Неменеге жыртыңдап күліп, мысқылдап отыр?! Көрер едім қызын осындай біреу жеті жыл бойы тағдырымен ойнап, ойыншық етсе!", – деп ашуланды журналист.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу