Белгілі журналист Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

410

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып белгілі журналист Бақытжан Омаров тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі журналист Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды Фото: gov.kz

Бақытжан Бауыржанұлы 1987 жылы дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар (2008 жыл), журналистика (2010 жыл) мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясында редакторлықтан бастап, 2009-2012 жылдар аралығында осы корпорацияда түрлі қызмет атқарған.

2012-2025 жылдары Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы телерадиокорпорациясында жаңалықтар жүргізушісі, "Хабар-24" телеарнасының бас редакторы, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Түрксой ұйымындағы өкілі болып еңбек еткен.

2025 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Ол жаңа қызметте қоғамдық даму, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, дене тәрбиесі, спорт және туризм, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне жетекшілік етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу