Бұл туралы аталған ведомствоның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.
"Қазақстан темір жолының ғимаратына жарылғыш зат қойылған деген жасырын хабар келіп түсті. Ол туралы құзырлы органдарға хабарланды. Сондай-ақ ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды", – дейді Қайсар Жұмабайұлы.
Одан бөлек, ҚТЖ өкілі қосымша ақпарат үшін құзырлы органдарға хабарласу керектігін айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында жарылғыш зат туралы ақпаратқа байланысты сауда орталығынан адамдар эвакуацияланған еді.
Кейін Ішкі істер министрлгі жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама бірнеше қаладан келіп түскенін хабарлады.