Белгісіз біреулер 81 адамды ұрлап кетті

942

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қаруланған бір топ адам жергілікті колледжге баса көктеп кіріп, 79 оқушы мен оқу орнының екі қызметшісіне күш көрсетіп, беймәлім жерге алып кеткен.

Белгісіз біреулер 81 адамды ұрлап кетті

Камеруннің солтүстік батысындағы Баменда қаласында белгісіз біреулер 81 адамды ұрлап кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Әскерилер жоғалғандарды іздестіруге кірісті. Ал қылмыстық іске қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым әлі өз мойнына алған жоқ.

Жергілікті билік өңірде коменданттық сағат орнатты. Оқиға орын алған мекеме уақытша жабылды.

Айта кетейік, жуырда "Боко Харам"  радикалды ұйымының мүшелері  осы аймақта атыс ашып 15 адамды мерт қылып, 8 адамды тұтқынға алған. Сонымен қатар Гакара ауылында 30 баспананы өртеп жіберген болатын.

"Үмітімізді үзбейміз. Әскерилер жоғалғандарды табатынына сенемін. Барлық қауіпсіздік шаралар қолға алынды. Оқушылардың үйлеріне аман есен оралуы үшін бар күшімізді саламыз", - дейді Солтүстік-батыс аймағының губернаторы Адолфе Леле Лафрик.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу