Малайзия полициясы Солтүстік Корея басшысы інісінің мәйіті жатқан Куала-Лумпурдағы мәйітханаға белгісіз біреулердің кірмекші болғанын анықтады, деп жазады сәрсенбі күні британдық "Гардиан" газеті.
"Аурухананың мәйітханасына кіру әрекеті туралы хабардармыз. Біз қауіпсіздік шараларын қолға алдық. Ешкімнің мәйітханаға кіруіне жол бермейміз", – деп мәлідеді Малайзия полициясының бас инспекторы Халид Абу Бакар.
Ким Чон Намның неден көз жұмғаны туралы қорытынды сәрсенбі күні белгілі болуға тиіс. Ол 2017 жылдың 13 ақпанында Куала-Лумпур әуежайында өлтірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу