Белгісіз бойжеткен Назарбаев университетінде қыздардың жәбір көргенін мәлімдеді

747

Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.

Белгісіз бойжеткен Назарбаев университетінде қыздардың жәбір көргенін мәлімдеді

Белгісіз бойжеткеннің Назарбаев Университетіндегі бірқатар жас қыздың жәбір көргені туралы бейнеүндеуі Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасында тіркелді, деп жазады inbusiness.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлау жағдайлары, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсету фактілері жайында мәлімдеді. Бұл бейнежолдау "Есіл" ауданының Полиция басқармасында тіркелді.

Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізуде", – деп жазылған ІІМ-нің хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде белгісіз бойжеткен Назарбаев Университетіндегі бірқатар жас қыздың жәбір көргені және төменгі курс қыздарына қысым көрсетілетіні туралы бейнеүндеу жариялаған болатын.

Бұл бейнеүндеу авторы 16 жастағы кәмелетке толмаған қызға зертханада жұмыс істеген адамның қысым көрсеткенін айтты.  Сонымен қатар басқа таныстары жәбір көргенін, салдарынан бір қыздың университеттен кеткендігін хабарлады.

"Осы қыздардың бірі университеттен үнсіз кетті. Себебі ол ештеңе айта алмады. Бәрі оны айыптаушы еді. Барлық досы онымен араласпай кетер еді. Солай болды да. Ол бұл туралы университеттен кеткеннен кейін айтты. Университетте ешкіммен сөйлеспейді. Оған өтірік айтудың да қажеті жоқ", – делінген бейнеүндеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу