Белгісіз ер адам ақша айырбастау орнынан шыққан ерлі-зайыптыларға оқ атқан

757

Күдікті Жамбыл облысынан ұсталды. 

Белгісіз ер адам ақша айырбастау орнынан шыққан ерлі-зайыптыларға оқ атқан

Алматыдағы Жетісу – 4 шағын ауданындағы ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Белгісіз біреулер валюта айырбастау пунктінен шығып бара жатқан ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған. Тонау кезінде олардың сөмкелері бос болған. Бірақ шабуылдаушы басқаша ойлады. Ол травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыларға оқ атқан. Абырой болғанда ер мен әйелдің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ. Ал бұл уақытта шабуылдаушыны арнайы тергеу-жедел тобы іздестірген. Күдікті Жамбыл облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінде ұсталды", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазір ол Алматыға ауыстырылып, қамауға алынды. Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу