Белгісіз тұлғалар өздерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон соғып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттардағы тыйым салуды алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиені уақытылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан есепшоттарға тыйым салынған).
Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан тыйым салуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігін айтады.
ҚР Еңбекмині Министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды. Сонымен қатар азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұрайды.
Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады.