Белгісіз ұшақтар Сириядағы бірқатар нысандарға соққы жасады

535

Соққыға ұшыраған нысандарда есірткі өндірісі жүзеге асырылған көрінеді.

Белгісіз ұшақтар Сириядағы бірқатар нысандарға соққы жасады Фото: Известия

Сирияның оңтүстігіндегі Иордания шекарасындағы бірқатар нысандарға белгісіз ұшақтар соққы берді, деп жазады inbusiness.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.

Сириялық Дераа белсенділерінен алынған ақпаратқа сәйкес, белгісіз ұшақтар Сувейда провинциясындағы Шиааб ауылында Башар Асадтың бақылауындағы екі нысанға соққы берді. Әуе шабуылы жергілікті уақыт бойынша 03:48-де болды.

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, соққыға ұшыраған нысандарда есірткі өндірісі жүзеге асырылған.

Дереккөздерге сәйкес, "Дераа провинциясының батыс бөлігіндегі Хараб Шахим ауылындағы әйгілі есірткі саудагері Мери Әл-Ремсанның үйіне де соққы жасалды".

Асад режимі әзірге әуе шабуылына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Оқиға үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ. Иордания билігі де түсініктеме беруден бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу