Бельгия Еуроодақ пен Канада арасындағы сауда келісіміне қарсы шықты

1406

Бельгия Еуроодақ пен Канада арасындағы сауда келісіміне қарсы шықты

Бельгия Еуроодақтың сауда қарым-қатынасы тарихында бұрын-соңды болмаған қадамға барып, Еуроодақ пен Канада арасындағы келісімге қарсы шыққан жалғыз ел атанды. Бұл туралы 24kz хабарлайды.

Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель аймақтағы үкімет жетекшілерімен ақылдаса келе, келісімге қол қоюдан бас тартатынын айтып, Еурокеңестің төрағасы Дональд Тускке өз шешімдерін жеткізді.

Премьердің айтуынша, немістілді қауымдастық пен фламандтық үкімет келісімді қолдайды. Алайда Валлония Брюссель аймағы және Валлония-Брюссель федерациясы министрлер кабинетіне қол қою туралы өкілеттік берген жоқ. Сауда келісіміне қарсы тараптың пікірінше, бұл мәміле тек ірі трансұлттық компаниялардың мүддесін қорғайды. Ал бастамашы топ сауда келісімі Еуроодақ пен Канада экономикасының 20% өсуіне мүмкіндік ашады дейді.

Айта кеткен жөн, бұған дейін трансатлантикалық келісім деген атпен Еуроодақ пен АҚШ арасында тап осындай мәміле бойынша келіссөздер де тоқтаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу