Бельгия билігі Ресей Федерациясының Украинаға шабуылынан кейін Еуропалық Одақтың санкцияларына ұшыраған ресейлік жеке тұлғаларға, компанияларға немесе ұйымдарға тиесілі құны 50,5 млрд еуро тұратын активтерді бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бельгия бұған дейін ресейлік активтердің бұғатталғаны туралы ақпаратты наурыз айында жариялаған еді. Ол кезде 3,5 миллиард еуроға тыйым салынды, бұл қазіргіден 15 есе аз.
Нақтырақ айтқанда, Брюссель ел аумағында орналасқан қолма-қол ақша мен акцияларға шектеу салды. Олар Ресей Федерациясының 1129 жеке тұлғасы мен 110 компаниясына тиесілі. Елдің Қаржы министрлігі олардың кімге тиесілі екенін жариялаудан бас тартып отыр.
Бұл шара санкциялардың алтыншы және жетінші пакеттері аясында қабылданып отыр.
Табиғат Нұрболат
Фото: harvardpolitics.com