Бельгия Ресей азаматтарына туристік виза беруін тоқтатады

555

Шектеу 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бельгия Ресей азаматтарына туристік виза беруін тоқтатады

Бельгия Ресей азаматтарына туристік виза беруін тоқтатады. РФ азаматтары 1 шілдеден бастап бұл елге туристік және басқа да қысқа мерзімді визаларды алу мүмкіндігінен айырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Елдің визалық орталығы Ресей Федерациясының азаматтарының өтініштерін кей жағдайларда ғана қабылдайды. Мысалы, ресейліктер жұмыс және студенттік визаларын ала алады, сондай-ақ оларға отбасы мүшелерімен көрісу үшін үшін Бельгияға баруға рұқсат беріледі.

Бельгия елшілігі туристік визаларды беруді тоқтата тұруға не себеп болғанын жариялаған жоқ. Ресейліктердің қашан турист ретінде елге бара алатыны да белгісіз. Ереже 1 шілдеден бастап күшіне еніп, белгісіз мерзімге созылады.

Табиғат Нұрболат

Фото: ua.depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу