Бельгияда Еуразия ұлттық университетінің ресми өкілдігі ашылды

914

Бұған дейін оқу орнының Беларусь, Иран, Қытай, Түркия елдерінде білім және ғылым орталықтары ашылып, қазіргі таңда нәтижелі жұмыс атқаруда.

Бельгияда Еуразия ұлттық университетінің ресми өкілдігі ашылды

Бельгияда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  Интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі  ресми өкілдігі ашылды. Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брюссель қаласындағы MERI-де (Modern Education and Research Institute) өткен өкілдіктің ашылу салтанатына ЕҰУ-дің бірінші проректоры Әсемгүл Молдажанова, MERI негізін қалаушы Аксана Позднякова мен Екатерина Царанока, Қазақстанның академиялық қоғамдастығы, Еуропалық одақ өкілдері қатысты.

ЕҰУ-дің бірінші проректоры атап өткендей, бұл қадам отандық білім беруді әлемдік ғылыми білім беру кеңістігіне интеграциялаудың негізгі факторларының бірі болып табылады және Еуропалық одақ елдері мен Қазақстан Жоғары мектебін нығайтуға үлкен серпін береді.

Еуропа төрінде өткен шара аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен MERI арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.  

Бұл қазақстандық ЖОО-ның  шетелде ашылған алғашқы өкілдігі емес. Бұған дейін оқу орнының Беларусь, Иран, Қытай, Түркия елдерінде білім және ғылым орталықтары ашылып, қазіргі таңда нәтижелі жұмыс атқаруда.

Айта кеткен жөн, салтанатты шара барысында қазақстандық және еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу