Бельгияда НАТО-ның бас аудиторын өлтіріп кетті

898

Бельгияда НАТО-ның бас аудиторын өлтіріп кетті

Бельгия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, НАТО-ның бас аудиторы Ив Шанделон Анденн қаласынан табылған. Оның басына оқ атылған, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған reactor.inform.kz.
 
Ив Шанделон бас аудитор қызметімен қатар, ақша жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес мәселелерімен шұғылданған.
 
Sudinfo порталы лауазымды тұлғаның өткен жұмада, 16-желтоқсанда табылғанын хабарлады.
 
Ал  7sur7  порталы Шанделонның мәйіті Ленс қаласынан 100 шақырым жерде табылған дейді.          
 
Шенеунік өлер алдында хат қалдырған. Қазір тергеу өз-өзіне қол салу нұсқасын тексеріп жатыр. Алайда қаза тапқан қызметкердің достары мен туысқандары бұл болжамның шындыққа жанаспайтынын айтуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу