Бельгияда сыра өндіруші компания күн энергиясын пайдаланады

880

Michelob Ultra сырасы көміртексіз алюминий консервілерінде сатылады.

Бельгияда сыра өндіруші компания күн энергиясын пайдаланады

Бельгиялық Anheuser-Busch InBev компаниясы Michelob Ultra Pure Gold деп аталатын сыраны өндіру барысында күн энергиясын пайдаланбақшы, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Осылайша компания жас және экологиялық тұрғыдан саналы тұтынушыларды тартуды көздеп отыр. 

Сыра өндіруші бұл шешім жаңартылатын энергияны пайдалану жолындағы елеулі қадам екенін айтты. Michelob Ultra сырасы көміртексіз алюминий консервілерінде сатылады. Ескере кететін жайт, AB InBev жиырмадан астам сыра жасайды. Олардың қатарында Budweiser және Stella Artois бар.

Бұған дейін Жапониядағы сыра жасайтын Asahi Breweries компаниясы пластикалық қалдықтарды азайту үшін Mog Cup саптыаяғын ойлап тапқан еді. Оның ерекшілігі – сыраны ішіп болғаннан кейін, оны жеп қоюға болады. Ыдыс пісірілген картоп крахмалынан жасалған. Өндірушілердің айтуынша, ол бөлме температурасында сұйықтықты шамамен бір сағат сақтай алады.

Табиғат Нұрболат

Фото: Unsplash.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу