Бельгияда тұтқындар жазасын "қашықтан" өтей алады

475

Алайда жеңілдік терроризм немесе жыныстық зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлерге қарастырылмаған. 

Бельгияда тұтқындар жазасын "қашықтан" өтей алады Фото: Euronews

Түрмелердің толып кетуіне байланысты Бельгия билігі жазасын өтеушілерді үйге жіберу туралы шешім қабылдады. Яғни сотталушы бір ай үй қамағында, бір ай түрмеде болу арқылы жазасын өтейтін жерін алмастырып отырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Түрмелердің толып кету мәселесін шешуге үшін Бельгия кейбір сотталушыларға "темір торды" бір ай үй қамағына ауыстыруға мүмкіндік береді.

Елде сотталушылардың саны күрт өскен. Бельгияда 10 700 түрмеде 12 300 жазасын өтеуші бар. 

Терроризм немесе жыныстық зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлер үшін, сондай-ақ 10 жылдан астам мерзімге сотталғандар үшін жазаны үйде өтеу қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу