Бельгиялық әйел қазақ баласын асырап алу үшін қомақты ақша берген

7853

Анасын іздеген қазақ баласына қатысты тың деректер шықты.

Бельгиялық әйел қазақ баласын асырап алу үшін қомақты ақша берген Фото: Бейнежазбадан

Эдди Жан Севальевті асырап алған бельгиялық азаматша Қазақстанға келмей тұрып Жәнібек Жұмағұловтың суреті мен жеке мәліметін электронды пошта арқылы алған.

Бұл туралы "Бармысың бауырым" бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Одан бөлек асырап алған адам Арқалыққа келген соң бір кісіге қомақты қаржы бергенін де айтты. Осы оқиғаны зерттеу барысында Арқалық қаласының Балалар үйінен 2000-2004 жылдары аралығында сексеннен астам баланы шетелдіктер асырап алғаны мәлім болды", – деді Қымбат Досжан.

Сондай-ақ ол бұл балалардың барлығы заңды түрде шетел асқанына күмән келтіреді.

"Осы жайттарды ескеріп және біздегі зерттеу қорытындыларын ала отырып Арқалық қалалық полициясы басқармасында қозғалып, кейін тоқтап қалған істі тек салғырттық бабы бойынша емес, кәмелетке толмағандар саудасы бойынша қайта сұрап, еліміздің Бас прокурорына хат жолдадық", – деді Қ. Досжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу