Бельгиялық авиакомпания Астана әуежайында техникалық орталық құруды жоспарлап отыр

347

Бұл жаңалықты "Сhallenge Airlines" жүк авиакомпаниясы өкілі хабарлады.   

Бельгиялық авиакомпания Астана әуежайында техникалық орталық құруды жоспарлап отыр Фото: Ашық дереккөзден

8 маусымда Астана экономикалық форумы аясында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бельгиялық "Challenge Airlines" жүк авиакомпаниясының Бас директоры Эшель Хеффецпен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұханның қолдауымен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында" Challenge Airlines " әуекомпаниясының Қазақстанға жүк рейстерін орындау мәселелері талқыланды. Эшель Хеффец мырза авиакомпанияның қызметі және әуе кемелерінің техникалық мүмкіндігі туралы айтты.

Сонымен қатар, авиакомпания өкілі Астана әуежайында техникалық орталық құру жөніндегі ықтимал жоспарлар туралы хабарлады. Тиімді тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында авиакомпанияның әуежайларда өз қоймалары бар.

Компания сонымен қатар "Есіктен есікке" жүк жеткізу қызметтерін ұсынады.

Қазақстан мен Бельгия арасындағы рейстерді орындау екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

"Challenge Airlines" жүк авиакомпаниясы 2017 жылдың сәуір айында құрылған және Льеж (Бельгия) әуежайында орналасқан. Компанияның Израиль мен Мальтада филиалдары бар. "Challenge Airlines" авиакомпаниясы Хьюстон, Атланта, Нью - Йорк (АҚШ), Осло (Норвегия), Ларнака (Кипр), Тель-Авив (Израиль) және басқа қалаларға жүк тасымалдауды жүзеге асырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу