Бельгиялық фермерлер наразылық акциясын ұйымдастырды

1057

Бельгиялық фермерлер наразылық акциясын ұйымдастырды

Брюссельде Еуроодақтың ауыл шаруашылығы министрлері аграрлық саясаттағы реформаны қызу талқыға салып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Тың өзгеріс агробизнестегі инвесторларға еркіндік беруге бағытталған. Алайда еуропалық фермерлер бұл үдеріске қарсы. Олар Бельгия астанасының орталық алаңында наразылық шеруіне шықты. Фермерлер субсидия жүйесін сақтап қалуды талап етіп отыр. Аграрлық қызметкерлердің айтуынша, бұл барлық Еуроодақ  елдерінде еңбекақының бірдей төленуін қамтамасыз етеді.

Наразылық белгісі ретінде жергілікті фермерлер еуропалық институттардың ғимараттары жанына ондаған тракторын тізіп қойды. Қарсылық шарасына Еуроодақ пен Меркосур елдері арасында сауда келісімі орнатылады деген ақпар түрткі болған. Мал шаруашылығы өнімін өндірушілер Оңтүстік Америкадан әкелінетін еттің санитарлық-экологиялық стандарттары еуропалық талапқа сай келмейді деп алаңдаушылық танытып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу