Бельгия билігі жұмысшыларға төрт күндік жұмыс аптасына ауысуды талап етуге рұқсат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Мұндай режимге көшсе де, олардың жалақысы қысқармайды. Компаниялар бұл талапты орындағысы келмесе, өздерінің жауаптарын жазбаша түрде бекітуге тиіс.
Төрт күндік жұмыс аптасын енгізу Бельгияның еңбек реформасында жазылған. Ел Премьер-Министрі Александр де Кроның айтуынша, жасы 64-ке жетпеген бельгиялықтардың шамамен 71%-ның ғана тұрақты жұмысы бар.
"Төрт күндік жұмыс аптасына ауысу қызметкерлер мен компанияларға жұмыс уақытын тиімді пайдалануға еркіндік береді", – деді үкімет басшысы.
Бұған дейін Испания бірінші болып жұмысшыларға аптасына төрт күн жұмыс істеуге рұқсат берген еді. Одан кейін БАӘ-дегі Шарджа эмираты мемлекеттік қызметкерлердің мұндай режимге көшетінін жариялады.
Табиғат Нұрболат
Фото: floridagoodfriday.com