Бельгияның жаңа үкімет құра алмай жүргеніне 541 күн болды

212

Бельгияда үкімет құрудың алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. 

Бельгияның жаңа үкімет құра алмай жүргеніне 541 күн болды Фото: canva.com

Елдегі парламенттік сайлауда жеңіске жеткен "Жаңа фламанд альянсы" (N-VA) партиясының басшысы Барт Де Вевер жаңа үкіметті құру аясында келіссөздер жүргізу мандатын қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтв Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Бельгия королі Филипп саясаткердің отставкасын қабылдады.

Де Вевер Франкофониялық либералды партиямен "Реформа қозғалысы" (MR), "Христиан демократтары мен фламандттар" партиясымен (CD&V), Vooruit фламандтық социалистік партия мен франкофониялық центристік партиямен коалиция құруды көздегені атап өтілді. Келіссөздер Де Вевер ұсынған маңызды әлеуметтік-экономикалық реформалар төңірегінде болды, олардың арасында зейнетақы мен салық жүйелерінің өзгеруі, сондай-ақ мемлекеттік шығындардың қысқаруы да сөз етілді.

Келіссөздер жалғасатын болса, Бельгия Премьер-Министрі Александр де Кроо үкіметі, оның маусым айындағы сайлауда қатты жеңіліске ұшыраған "Ашық фламанд либералдары мен демократтары" (Open VLD) партиясы, өз міндеттерін жалғастырады. 2019 жылғы сайлаудан кейін үкімет 493 күннен кейін ғана құрылды. Бельгияның жаңа үкіметсіз болу рекорды –541 күн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу