Белгород облысында теракт ұйымдастырушылар анықталды

577

Белгород облысындағы Батыс әскери округінің полигонында атыс ашқан Тәжікстан азаматтарының жеке басы анықталды. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.

Белгород облысында теракт ұйымдастырушылар анықталды Фото: ura.ru

Бүгін, 17 қазанда Telegram-Baza арнасы хабарлағандай, террористік актіні еріктілер ретінде жұмылдырылған 23 жастағы Рахмонов Мехроб пен 24 жастағы Исхан Аминзод  ұйымдастырды.

Екеуі де 11 қазанда полигонға еріктілер ретінде келген. Төрт күннен кейін, 15 қазан күні таңертең Тәжікстан азаматтары басқа атыс қатысушыларына автоматтан оқ жаудырған. Олар ға да қарсы оқ атылып, қылмыскерлер қайтыс болды.

Белгород облысындағы полигонда қаза тапқан әскери қызметшілердің арасында Мәскеу, Мурманск, Саратов, Нижний Новгород, Рязань, Ростов облыстарының, Якутия Республикасының тұрғындары мен Украинаның тумасы бар.

Бұған дейін Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 15 қазанда Белгород облысындағы Батыс әскери округ полигонында ТМД елдерінің бірінің екі азаматы террористік акт жасағанын хабарлады. Ресейдің арнайы әскери операциясына қатысуға ниет білдірген адамдармен атыс дайындығы сабағын өткізу барысында террористер бөлімшенің жеке құрамына оқ жаудырды. 11 адам қаза тауып, тағы 15 адам түрлі дәрежедегі жаралармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Ресей Тергеу комитетінің Бас әскери тергеу басқармасы 16 қазанда Белгород облысында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қандай бап бойынша ведомство нақтылаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу