Belgrade Winner: Бокстан Қазақстан құрамасы қос "алтын" жеңіп алды

783

Сербияның Белград қаласында бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті.

Belgrade Winner: Бокстан Қазақстан құрамасы қос "алтын" жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Belgrade Winner халықаралық бәсекесін екі алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Ал Ертуған Зейнуллинов жарыста қарсылас шақ келтірмей, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. 81 келіде Нұрбек Оралбай мен 91 келіде сынға түскен Василий Левит күміспен күптелді. Тағы үш боксшымыз, атап айтқанда, Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Райыс Нұрқанат (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (+91 кг) қоржынды үш қола жүлдемен толықтырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу