Белсенді азаматтық ұстанымы бар 18-29 жас аралығындағы студенттер марапатталмақ

510

Ғылым және жоғары білім министрлігі 18 жастан 29 жасқа дейінгі студенттер мен жастарды марапаттау ережелерін әзірледі. 

Белсенді азаматтық ұстанымы бар 18-29 жас аралығындағы студенттер марапатталмақ Фото: tengrinews.kz

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Конкурсқа қатысу шарттарына сәйкес, екінші курстан бастап барлық жоғары оқу орындарының білім алушылары өздерін оқу, ғылыми, шығармашылық, спорттық, әлеуметтік және өзге де қызметте көрсетіп номинант бола алады.

Жеңімпаздар мен лауреаттар саны биылғы оқу жылында берілген өтінімдер санымен және олардың номинация критерийлеріне сәйкестігімен анықталмақ.

Бағдарламаға қатысу мынадай қызмет бағыттарын қамтиды:

  •  "Спорттағы жетістіктер" ;
  •  "Таланттар мен дағдылар"
  •  "Ұлттық мұра"
  •  "Ғылым шыңдары"
  •  "Еріктілік"
  •  "Жастар көшбасшысы"
  •  "Жылдың шетелдік студенті"
  •  "Жыл студенті"
  •  "Жыл түлегі".

Байқау екі кезеңде өткізіледі: ЖОО және республикалық деңгейде.

Конкурсқа өтінімдер беру үшін бірқатар шектеулер де бар. Білім алушы өз кандидатурасын конкурстың екі номинациясынан артық ұсына алмайды. Ал, егер өтінім үш және одан да көп номинацияға берілген жағдайда, кандидатура алынып тасталады және конкурсқа қатыстырылмайды.

"Ғылым шыңдары", "Таланттар мен дағдылар", "Спорттағы жетістіктер", "Еріктілік", "Жастар көшбасшысы" номинацияларында білім алушылардың марапаттары мен жетістіктері бір оқу жылында ескеріледі. "Жылдың шетелдік студенті", "Жыл студенті" номинациялары номинанттың бұрынғы еңбегін ішінара ескереді, бірақ ағымдағы оқу жылындағы жетістіктер шешуші мәнге ие болады. "Жыл түлегі" номинациясында номинанттың марапаттары мен жетістіктері оқудың барлық уақытында ескеріледі. Өтінімдер тең болған кезде комиссия оқуда өзін жақсы көрсеткен үміткерге артықшылық береді", - делінген құжатта.

Құжатты көпшілік талқылау 13 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу