Белсенді шағын компаниялардың саны 2%-ға артты

627

Олардың төрттен бір бөлігі Алматыға тиесілі.

Белсенді шағын компаниялардың саны 2%-ға артты

Тіркелген шағын компаниялардың саны осымен тоғыз жыл қатарынан өсіп, 2020 жылдың қараша айында 452,4 мыңға жетті. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3,6%-ға көп.

Тіркелген заңды тұлғалар қатарындағы шағын компаниялардың үлесі бір жыл ішінде: 98%-дан 98,1%-ға дейін өсті.

Тіркелгендер қатарындағы жұмыс істеп тұрған шағын компаниялардың үлесі бір жыл ішінде 67,4%-дан 69,9%-ға дейін өсті. Қазір осындай 316,3 мың кәсіпорын бар. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 7,6%-ға артық.

Шағын белсенді компаниялардың төрттен бір бөлігі Алматыға тиесілі: 40,6 мың, өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға өскен. Одан кейін Нұр-сұлтан (25,4 мың), Қарағанды (10 мың) және Шығыс Қазақстан (9,7 мың) облыстары тұр.

Мұндай компаниялардың жартысынан көбі мына төрт салада жұмыс істейді: көтерме және бөлшек сауда, автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу. Одан кейінгі орындар білім беру, құрылыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларына тиесілі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу