Бендиден әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

683

Бендиден әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

Бендиден Қазақстан құрамасы Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Норвегия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz. 
Бүгін әдем чемпионатында Норвегия мен Финляндия құрамалары арасындағы кездесу өтті. Ойын 7:0 есебімен финляндиялық бендишілердің пайдасына аяқталды. Осылайша Финляндия құрамасы үш ойында бір рет жеңіске жетіп, А тобында үшінші орын алып, В тобында екінші орынға жайғасқан АҚШ құрамасымен ойнайтын болды. 
Өз тобында барлық кездесуде жеңіліс тапқан Норвегия құрамасы болса В тобында бірінші орынға жайғасқан Қазақстан құрамасымен кездеседі. Ойын 2 ақпан күні өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу