Бұл туралы Бенин мемлекеттік телерадиокорпорациясы мәлімдеді.
Корпорацияның хабарлауынша, елдегі толық билік әскери комитеттің қолына өтті. Комитетті подполковник Тигри Паскаль басқарады. Әскер барлық мемлекеттік билік органдарының таратылғанын жариялады. Талонның қайда екені белгісіз.
Мемлекеттік төңкеріс Бенинде 2026 жылдың 12 сәуірінде өтуі тиіс президенттік сайлауға дайындық кезінде орын алды. Конституциялық сот екі кандидаттың қатысуын мақұлдады: мемлекеттік министр, экономика және қаржы министрі Ромуальд Ваданъи және бұрынғы мәдениет министрі (2015 – 2016) Поль Ункпе. Оппозиция лидерлері сайлауға жіберілмеді. Талон екі рет сайлауда жеңіп, үшінші мерзімге қайта түсе алмайды.