Беньямин Нетаньяху Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы операцияны күшейтуге уәде берді

297

Ол Израильдің тоқтамайтынын және соғысуды жалғастыратынын мәлімдеді. 

Беньямин Нетаньяху Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы операцияны күшейтуге уәде берді Фото: Anadolu Agency

Дүйсенбі күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторына барды. Оның айтуынша, Израиль тоқтап қалмайды және Газа секторындағы операцияны күшейтеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ХАМАС әскерилердің Хан Юнистегі қару-жарақ шеберханасы мен бетон зауытын қиратқанын хабарлады. Сондай-ақ, ХАМАС онда өндірілген бетонды туннельдер салу мақсатында қолданған.

Сонымен қатар, Газадағы кепілге алынғандардың туыстары Нетаньяхуды қатты сынға алып, тұтқындарды босату үшін көбірек уақыт қажет екенін алға тартты.

Айта кетейік, ХАМАС басқаратын Газа денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні Израильдің сектордың орталық бөлігіндегі Әл-Магази босқындар лагеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Онда кем дегенде 70 адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу