Бензин акцизінің құны өссе, шағын көліктер салықтан босатылуы қажет – министр

1485

Энергетика министрі тұрақтылықты сақтау үшін әзірге бензин акцизін көтермеу керек екенін айтады.

 Бензин акцизінің құны өссе, шағын көліктер салықтан босатылуы қажет – министр

Егер бензин акцизінің құны өссе, онда шағын көліктер салықтан босатылуы қажет. Бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаев үкіметке осындай ұсыныс жасап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Яғни, бұл бастама қозғалтқышы 3 мың текше метрге дейінгі көліктерге қатысты. Энергетика министрі тұрақтылықты сақтау үшін әзірге бензин акцизін көтермеу керек екенін де айтады. Дегенмен, 2024 жылға қарай бәрібір баға көрші елдермен теңестірілмек. Дәйекке қарағанда, Қазақстандағы арзан бензинді пайдаланып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен келген көліктер оны тонналап құйып әкетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу