Бензин арзандады

725

Бензин арзандады

Елімізде соңғы 1 айда АИ-92 және АИ-95 маркалы бензині 2 пайызға арзандады.  Мұндай ақпаратты Energyprom агенттігі жариялады, деп хабарлайды Atameken TV.

Дерекке сүйенсек, сұранысқа ие АИ-92 бензинінің бағасы 158 теңгеге саудаланып жатыр.  Бұл сәуірге қарағанда 1,7 пайызға арзан.  Ал бір жылдың ішінде баға 11 пайызға қымбаттаған.

АИ-95 және 96 бензині де 1,7 пайызға төмендеп, бір литрі 175 теңгені құрады. Бұл бензин маркасы бір жылда 13 пайызға қымбаттаған.

АИ 98 бензині  былтырдан бері 17 пайызға көтеріліп, 192 теңгеге жетті. Дизель отыны 1 айда 2,6 пайыз, бір жылда 25 пайызға қымбаттап, бір литрі 169 теңге болған.

Елімізде  жыл басынан бері өндірілген жалпы мұнай өнімдерінің құны 336 млрд долларды құрады.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп.

Өнімнің 84 пайызын Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы мұнай өңдеуші зауыттары өндірген. Оның ішінде бензин өндірісі 9 пайызға өсіп, 1 млн 420 мың тоннадан асты. Ал керосин мен реактивті жанармай 13 пайызға артып, 92 мың тоннадан асқан. Керісінше, дизель отыны 5 пайызға азайып, 1,8 млн тоннаны құрады. 

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, маусымдағы еліміздің бензин қоры бір аптада 15 мың тоннаға артып, 340 мың тоннаны құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу