Әлем бойынша мұнай бағасы құлдырағандықтан, көпшілікті бензин бағасы арзандай ма деген сұрақ қызықтырды. Бұл сауалға энергетика министрі Нұрлан Ноғаев үкіметте жауап берді.
"Бензиннің бағасы еркін айналымда. Барлығын нарық реттейді. Қазақстан өзінің мұнай өндірісін қысқарта ма, ұлғайта ма деген сұраққа келер болсақ, бұл бағытта нақты жоспарымыз бар. ОПЕК-тің ұстанымдары – бізге ұсыныс ретінде ғана келіп отыр. Бізде жоспарды өзгертетін ой жоқ", – деді министр.
Нұрлан Ноғаевтың сөзінше, елімізде бензин бағасы тұрақты.
"Бензин бағасы бірнеше жылдан бері еркін нарықта. Баға ұсыныс пен сұранысқа сай реттеледі. Атап көрсетерлігі жанар-жағармай қоры жеткілікті. Еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – деді.
Қанат Махамбет